Дуалды оқыту

Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде дуалды оқыту

Дуалды оқыту жүйесінің элементтерін біз 2014 жылдан бастап, 10 ай оқу мерзімімен студенттер үшін енгізе бастадық. Колледж дуалды оқытуды енгізу бойынша тәжірибелік алаң болып табылады: 07321000 – «Лифт шаруашылығы эскалаторлар (түрлері бойынша)»; 07150100 «Машина жасау технологиясы (түрлері бойынша)» 3w07150102 –«Кең бейінді станокшы».

           Бүгінгі таңда дуалды оқыту жүйесі – кәсіби-техникалық кадрларды даярлаудың ең тиімді түрі.

          Колледж кадрлық ресурстарды қалыптастыруға мүдделі қаланың табысты дамып келе жатқан кәсіпорындарымен ұзақ мерзімді серіктестікпен қамтамасыз етілген, ол үшін дуальды оқыту туралы шарттарға қол қойылған:

–  «ҚР лифт компанияларының Қауымдастығы» ЗТБ БӨБ;

– «Локомотив құрастыру зауыты»АҚ.

     Оқу процесінде дуалды жүйе элементтерін іске асыруды біз мына мамандықтар бойынша инновациялық технологияларды меңгере отырып, осы процестің барлық қатысушыларының мүдделерін барынша келісуге және іске асыруға бағытталған әлеуметтік әріптестік арқылы ғана көреміз: 07321000 «Лифт шаруашылығы эскалаторлар (түрлері бойынша)» 3w07321001 «Лифт және эскалаторлар электромеханигі (түрлері бойынша)»; 07150100 «Машина жасау технологиясы (түрлері бойынша)».

           Білім беру процесінде жұмыс берушілердің рөлі деп санаймын:

1.Кәсіптік стандарттарға сәйкес білім беру бағдарламаларын әзірлеу және бекіту.

2.Кадрларды даярлаудың дуальді жүйесінде «Кәсіпорын – білім беру мекемесі» өзара қарым-қатынасын регламенттейтін нормативтік базаның болуы.

3.Кәсіпорында студенттермен білім беру процесін жүргізуге қабілетті білікті персоналдың болуы.

Rating
( No ratings yet )
АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ