WeDo Education онлайн білім беру платформасында «KassyB Bilim» ЖШС авторлық білім беру бағдарламалары бойынша курстарды аяқтау және біліктілік тестілеуін тапсыру туралы сертификаттар табысталды.

9.03.2023 ж. Техникалық колледждің мәжіліс  залында WeDo Education онлайн білім беру платформасында «KassyB Bilim» ЖШС авторлық білім беру бағдарламалары бойынша курстарды аяқтау және біліктілік тестілеуін тапсыру туралы сертификаттар табысталды.

 2022-2023 оқу жылының басында колледж бен  «KassyB Bilim» ЖШС арасында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылған. Біздің колледждің 20 студенті қосымша білім алуға ниет білдірді.

Жобаның миссиясы-жастарға өздерін дамытуға үлкен серпіліс беру. Егер жастар өздерін дамытпаса, олар елді дамытуға тырыспайды.

Колледж студенттері негізгі оқумен бір мезгілде 10 өзекті бағыт бойынша онлайн тегін оқуға мүмкіндік алады.

– Менталды SMM

– Бизнесті қаптау

– Мобилография

– Жобаларды басқару

– Сату менеджері

– Интернет-маркетинг

– Бағдарламалау негіздері

– Веб-дизайн

– Tik – Tok мақсатты

– Digital Artist

Сонымен қатар «Kassyb Bilim» ЖШС өкілі К. К. Адинаева «Синергия»  университетіне оқуға түсу бойынша түлектерге түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

 Студенттерімізді құттықтаймыз! «KassyB Bilim» ЖШС сәттілік тілейміз!

АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ